Маңғыстауда медицина қызметкерлерінің 77 пайызы вакцина алды
Маңғыстауда медицина қызметкерлерінің 77 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алған. Облыс бойынша жалпы медицина қызметкерлерінің саны 10 мыңнан асады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 7,2 мыңнан астам медицина саласының қызметкері COVID-19 індетіне қарсы вакцина алған.
“Оның ішінде 9 376-сы вакцина алушылар санатына кіреді. Бүгінде екпе алғандар саны 7206 ақ халатты абзал жанды құрайды. Олардың саны 77%-ға жетіп отыр, – делінген хабарламада.
Облыста коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғандар саны 4 есеге артқан. Өңір тұрғындарының вакцина алуда белсенділігі артқаны бұған дәлел болып отыр. Екпе пунктеріне келгендердің қатары көбейген.
“Мысалы, біздің емханамызда медициналық қызметкерлердің 96 пайызы екпе алды. Жексенбі, сенбі күндері де жұмыс істеп жатырмыз. Вакцина алуға келетін халықтың саны күннен күнге артып жатыр. Қажет болған жағдайда түсіндірме жұмыстарын да осы жерден жүргізіп жатырмыз. Күніне емханамызда 200 адам екпе алып жатыр, – деді Ақтаудағы "ЕРКЕМЕD" емханасының бас дәрігері Серік Қасым.
- Міндетті вакцинациядан өтпегендерді 15 шілдеден бастап тексермейтін болды
- Жұмыс беруші қызметкерді вакцина салдырудан бас тартқаны үшін жұмыстан шығара ала ма?
Айтуынша, медицина қызметкерлері еңбек ұжымдарына вакцина жасау үшін шығады. Ол үшін жергілікті жерлерде барлық санитарлық норма мен тәртіпке сай келетін орындар жасақталған.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы бойынша вакцина алғандардың жалпы саны – 121 515 адам. Оның ішінде бірінші компонент алғандар саны – 80119 адам, ал екінші компонент алғандар саны – 41396 адам.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
