AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құтқаруға болатын еді": Оқиға куәгері Шымкент - Алматы рейсінде көз жұмған бала туралы өз шындығын айтты

Ұшақ бортында көз жұмған баланы құтқаруға болатын еді. Бұл туралы оқиғаның куәгері, дәрігер Аяла Қонақбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап. 

Аяла Қонақбаева 9 шілде күні осы рейспен Шымкенттен Алматыға ұшқан. 9 жасар баланың жақында жілік майын ауыстырған болып шықты. Бала сырқаттана бастағанда экипаж оттегі мен дефибрилляторды қолдана отырып, реанимациялық шараларды бастаған. Әйел де қарап тұрмай дереу көмекке жүгірген. 

Бірақ, оның айтуынша, әуе кемесінде қарапайым алғашқы медициналық көмек қорабы мен қысымды өлшеуге арналған фонендоскоп болмаған. Ұшақ қонуға кіріскен кезде бортсерік науқастың реанимациясын тоқтатып тастаған. Негізінде оны мүлде жасауға болмайтын көрінеді.



“Бортсерік маған: "Отыру керек" дейді. Мен: "Жоқ, тоқтауға болмайды” деймін. Ол: "Сіз хаттамаға, нұсқауларға сәйкес отыруыңыз керек, басыңызды ұрсаңыз не істейсіз?” деді. Мен тоқтауға болмайтынын айттым. Соңында тағы отыруым керектігін айтып қоймады”, – дейді нутрициолог.

Алматы әуежайында ұшақтың бортына кірген дәрігерлер тек баланың қайтыс болғанын анықтады.

"Air Astana" авиакомпаниясы экипаж нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткенін, ал ұшақта дәрі қобдишалары мен қажетті медициналық аспаптардың барлығы бар екенін хабарлаған. Аяла Қонақбаева авиациялық прокуратураға уәкілетті органдар әуе кемелері мен қызметкерлердің біліктілігін тексеру жүргізу керектігін айтып, өтініш жазды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 9 шілдеде болды. Шымкент – Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортында анасымен бірге ұшқан тоғыз жасар бала көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр