Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш астаналық күнге қыздырыну үшін биік көпірдің үстіне шығып кеткен

Нұр-Сұлтанда құтқарушылар күнге қыздырыну үшін "Қараөткел" көпірінің шыңына шығып кеткен жасөспірімдерді жерге түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми мәліметке сәйкес, 5 шілде күні үш адам көпірдің доғасына шығып кеткені туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден сол жерге аттанды. Олар күнге қыздырынып жатамыз деп, көпірдің доғасына шыққаны белгілі болды.

Күнге жақын жатамыз деген жасөспірімдерді арнайы альпинистік құрал-жабдық көмегімен түсіріп алуға тура келді. Мамандар құтқару операциясының видеосымен бөлісті.

Айта кетейік, экстремалдар "Қараөткел" көпірінің доғасына шыққанды ұнатады. Біреулер мас болғандықтан, енді біреулер әдемі селфи мен фото үшін тәуекелге барады. Мәселен, 2016 жылы алты бірдей адам көпірдің шыңына шыққан. Олардың біреуі өз-өзіне қол салмақ болды. Бірақ құтқарушылар оны түсіріп алды.

Көпірдің доғасына шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұзақыларға, көбінесе, айыппұл салынады.

 

 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 07 Шілде, 2021 15:24
Талқылау