Қарақұмық кейбір адамдар үшін қауіпті болып шықты
Эндокринолог және диетолог Татьяна Бочарова қарақұмықтың кейбір адамдарға қауіпті екенін ескертеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қарақұмық ботқасы гипоаллергенді өнім. Көбінесе емдік мақсатта пайдаланылады. Яғни, асқазан-ішек жолдарындағы ауруларды емдеуге және алдын алуға көмектесетін диета құрамына кіреді.
"Қарақұмық жей алмайтындарды сирек кездестіруге болады. Өнім ботқасын көп тұтынған жағдайда ғана мәселелер туындайды. Оның құрамындағы жасұнық (клетчатка) іштің кебуіне және газдың пайда болуына әкелуі мүмкін", — деді маман.
Бочарова егер ішекте мәселе болса, қарақұмық ботқасын майлы өнімдермен, әсіресе, балықпен немесе жартылай ет фабрикаттарымен біріктіруге болмайтынын ескертті.
Сондай-ақ, эндокринолог қарақұмықты қайнаған суда емес, өзін пісіру керектігін айтады. Бұл жағдайда оны сіңіру оңайға түседі.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн