AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Ақмола облысында азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 10-15% арзан сатылуда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аймақ басшысы әлеуметтік көмек мәселесі туралы айтып, халықтың өмірін жақсарту жайлы сөз қозғады. 

“Азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге және жұмыспен қамтылуына ерекше назар аударылады. Жалпы түрлі бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбек нарығында шамамен 17 мың, оның ішінде 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Жыл басынан бері әлеуметтік төлемді 20 мыңнан астам адам алды", – деді ол.

Оған қоса, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесіне тоқталды. 

"Өңірдегі әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру аясында жергілікті тауар өндірушілер 1,1 миллиард теңгеге азық-түлік тауарларының 7 түріне несие алды. Биылғы жылы бағаны тұрақтандыру тетігін одан әрі іске асыру үшін облыстық бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Облыс орталығында "KOKSHE MARKET" әлеуметтік павильондарының желісі кеңейіп келеді. Бүгінде олардың төртеуі ашылды, тұрақтандыру қорының тауарлары нарықтағыдан 10-15% арзан бағамен сатылуда”, – дейді облыс әкімі.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар, күнделікті мониторинг және сауда белгілерінің мөлшерін сақтау туралы трейдерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Еске салсақ, Ақмола облысы жыл сайын 2 млн тоннадан астам астық экспорттайды.

"Біздің облыс негізгі ауылшаруашылығы өңірлерінің бірі екені белгілі. Осы орайда елдің ауылшаруашылығы жалпы өніміндегі үлесі 11 пайыз деңгейінде. Өңіріміз Қазақстанда өсірілетін астықтың төрттен бір бөлігін өндіреді және бидайымыз әлемдік нарықта жоғары бағаланып отыр. Атап айтқанда, жыл сайын әлемнің 30 еліне 2 млн тоннадан астам экспортталып келеді", – деді әкім.

Оның айтуынша, көктемгі егін егу науқаны өңірде оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқталды. Астық және дәнді-бұршақты дақылдары 4,5 млн гектарға, майлы дақылдар – 227 мың гектарға, жемшөп 190 мың гектарға себілді. Сонымен қатар картоп 21 мың гектар алқапта, көкөніс 3,5 мың гектарда егілді.

"Суармалы егістер алқабын кеңейту жүріп жатыр. Оның аумағы 30 мың гектарға дейін жеткізілді", – деді Ермек Маржықпаев.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр