AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

11 маусымда Алматы мен жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұма күні ауа райы қандай болады

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұрқасын, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді. Бесқарағай аймағында өрт қаупі өте жоғары болады деп күтілуде. Күндіз Өскеменде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Семейде күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысында найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде 15-20 м/с-ге жетеді. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түстен кейін оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болмақ.

Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с болады. Алматыда найзағай ойнайды деп болжанды.

Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.  

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Ақтауда түнде найзағай күтіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр