AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Алматыдағы цемент зауытында жарылыс болды: Тұрғындар зардап шеккендерін айтып наразылық білдіруде

Алматының Жетісу ауданындағы цемент зауытында жарылыс болып, шаң-тозаңның астында қалған жұрт жапа-тармағай үйлеріне тығылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сегіз жылдан бері осылай цемент қалдығын жұтып, түрлі ауруға шалдықтық деген тұрғындар зауыт қаланың қақ ортасынан көшірілісін деп талап қойып отыр. Ал кәсіпорын өкілдері, мемлекеттің барлық мекемесі бізге рұқсат беріп отырған соң, өз кәсібімізді еркін жүргізіп келеміз дейді.

Алматының тазалық індет мамандары өндіріс ошағының құрылысы басталмай жатып, үй мен зауыттың арасы кемі 300 метр болуы керек екенін ескерттік деп отыр. Бірақ кәсіпкерлер республикалық санитарлық-эпидемиологиялық комитетінен рұқсат алып алған екен.

Айдын-күннің аманында аспанға атқылаған цементтің астында қалған тұрғындар, төзіміміз осымен таусылды дейді. Шамамен 3 гектар аумақты алып жатқан зауыттан шыққан бетонның иісі, цементтің шаңы өкпемізге толып бітті деп отыр.

"НұрТауГруп" деп аталатын цемент шығаратын зауыт пен Жетісу ауданындағы мына үйлердің ара қашықтығы шамамен 20 метрдей. Сегіз жылдан бері шаң-тозаңнан көз ашпай келеміз деген тұрғындар, баспаналармыздың қабырғасы да сөгіліп жатыр дейді.

Түрлі тыныс ауруларына еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шалдығып, дем жетпей ауырған. 

“500 метр ары болуы керек. Қала сыртына шығару керек, дереу шығару керек. Барлық жерге шағымдандық. Бізді естігісі, көргісі келмейді ме, білмеймін”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Аққу Әділова. 

“Біз мұнда ашығын айтқанда тұншығып барамыз. Бронхит, гайморит, астма, тері рагымен ауыратын адамдар көбейіп кеткен”, – дейді тұрғындардың бірі Марина Черных. 

Ал кәсіпорын өкілдері тазалық індет мамандарының рұқсат берген құжатын көрсетіп, зауыттың жұмысы толықтай заңды екенін айтады. Ауаға зиянды қалдық шашпаймыз, 250 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жазығымыз кезінде кірпіш зауытының орны болған қараусыз жерді қоршап іске қосқанымыз ба дейді.

“Бірінші рет болып тұр. Бізді тексеретін құзырлы органдар бар. Жарылыс заңды түрде жасалады”, – дейді зауыт басшысының орынбасары Байболат Майкенов.  

Апатты жағдайдың бірінші рет болмағанын тұрғындардан бөлек, экология департаменті растап отыр. Бірақ бұл жолы ауаға шашылған зиянды қалдық нормадан әлдеқайда асып кетіпті.

“Атмосфералық ауадан сынама алау барысында шаңның шектік көрсетілген нормадан асу фактілері анықталды. Яғни шектік көрсетілген нормадан 3 есе ауытқу анықталды”, – дейді Алматы қаласы экология департаментінің бас маманы Алмат Әлқожа. 

Экология департаменті цементтен бетон дайындап жеткізетін кәсіпорынға жоспарсыз тексеріске шығамыз деп отыр. Ал қалалық жасыл экономика басқармасы зауыт құрылысына бұрын берген рұқсат қағазын енді қайта қайтарып алу үшін кәсіпорынды сотқа беріпті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр