AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйлерінде газ баллон жарылған: Шымкентте алты баласы бар отбасы далада қалды

Газ баллоны жарылып, баспанасынан айырылған көп балалы отбасы жарты жыл бойы контейнерде тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сұлтановтар отбасы тұрған үй осы жылдың қаңтарында құлап қалған. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, қабырғалардың бір бөлігі ғана құламапты. 

Отбасы мүшелері аман қалған. Балалардың біреуінің және отбасының анасы денесінің 30%-ын күйік шалған. Олар үш апта ауруханада жатып ем алған. 

Содан кейін жергілікті билік кәсіпкерлердің көмегімен жаңа үй салуға уәде берді, бірақ мәселе әлі шешілген жоқ.

"Үй толығымен бұзылады. Бәрін бұзып, аумағын тазалау керек. Осыдан кейін біз кәсіпкерлердің қайсысы және отбасына қалай көмектесе алатынын шешеміз. Көмектескісі келетіндер бар", - дейді Шымкент қаласы Еңбекші ауданының халықпен байланыс бөлімінің маманы Сейдулла Ибишев.

Нәтижесінде, алты балалы отбасы қыста жаурап, жазда ыстықтан тұншықса да контейнерде тұрып жатыр. Контейнер ас үй, асхана және балалар бөлмесі ретінде қызмет етуде.

"Қазір контейнерде өте ыстық. Біз түскі асты ішкен кезде үстелді көлеңкеге шығарамыз. Алты баламызбен осы жерде ұйықтаймыз, тамақ жасаймыз, тамақ ішеміз", - деді отанасы Айгүл Тамтаева.

Шенеуніктер көмек береміз дегенімен, уәдесінде тұрмапты. 

"Шенеуніктер келіп, маған үй салуға уәде берді. Олар үйге құрылыс материалдарын әкелеміз деді. Мен олардың сөзіне сеніп, үйімді құлаттым. Енді күннің астында, көшеде отыруға мәжбүрмін", - дейді Қуаныш Сұлтан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр