Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Eurovision-2021" байқауының жеңімпазы анықталды

Халықаралық Eurovision ән байқауының жеңімпазы Maneskin италиялық рок тобы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Роттердамда өткен ән байқауында ол "Zitti e bouni" қатты рок стиліндегі композицияны орындады. Көрермендер мен ұлттық қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері 23 мамыр, жексенбіге қараған түні Eurovision нәтижесі белгілі болды.

Жарысқа барлығы 26 мемлекет қатысты, екі жартылай финалдан кейін олардың 20-сы қалды.

Үздік бестіктегі орындар келесідей бөлінді. Maneskin (Италия) - бірінші орын, Барбара Прави (Франция) - екінші, Gjon's Tears (Швейцария) - үшінші, Daði og Gagnamagnið (Исландия) - төртінші, Go_A (Украина) - бесінші.

Олардан кейін Blind Channel (Финляндия), Дестини (Мальта), The Roop (Литва), Манижа (Ресей), Стефания (Греция). Неміс Йендрик жалпы есепте 25-орын алды.

Бірнеше сағаттың ішінде итальяндық топтың орындауы Youtube-те жарты миллионға жуық адам қарады.

STAN.KZ
Жексенбі, 23 Мамыр, 2021 08:01
Талқылау