AAPL
133.41 $
-0.43 %
TSLA
679.82 $
9 %
NDAQ
177.8 $
-0.5 %
GOOGL
2450 $
0.14 %
FB
343.18 $
1.22 %
FRHC
63.27 $
3.13 %
AAPL
133.41 $
-0.43 %
TSLA
679.82 $
9 %
NDAQ
177.8 $
-0.5 %
GOOGL
2450 $
0.14 %
FB
343.18 $
1.22 %
FRHC
63.27 $
3.13 %

"Гомофобтар - өз бойларында гомосексуализм бар адамдар": Қазақстанда не себепті гомофобия кең етек алған?

Жақында халықаралық гомофобиямен күрес күні атап өтілді. Осы орайда Қазақстандағы ЛГБТ өкілі Алтынбек Абдигожин елімізде гейлер мен лесбилерге қатысты қарым-қатынас не себепті негативті екені, гомофобияның себептері жайлы НеҚурылтай арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Алтынбек Абдигожиннің айтуынша, гомофобия адамға тіл тигізуден, агрессивті сөз бен іс-әрекеттерден танылады. Кейде адамдарды ориентациясына сәйкес жұмысқа алмай жатады, отбасында қабылдамай, қуады. тіпті жасөсіпірім кезінде ата-анасынан қолдау таппай, қаңғып кететіндер бар. 

Гомофобияның себептері:

  • Адамдар ұстанатын діндерге байланысты. Діннің бірі екі мың жыл бұрын, екіншісі 600 жыл бұрын пайда болды. Діни жазбалардың авторы гейлерге қатысты негативті позиция ұстанды, оларды ұрып, қыру керек деп жазды. Адамдардың көбі дінді ұстанатындықтан олар гомофобиялық көзқараста болады. 
  • Қазақстандықтардың өткені Совет үкіметімен байланысты. Совет одағы кезінде "ерлер арасындағы қарым-қатынас" үшін сотталып кету қауіпі бар еді. Бұл да қазақстандықтардағы гомофобияның алғышарты ретінде өз ізін қалдырған сыңайлы. Бұл - негізгі тарихи себептер. 

Гомофобтар - бұл өз бойларында гомосексуализм бар адамдар

Гейлерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға шақыратын ең белсенді гомофобтар - бұл өз бойларында гомосексуализм бар адамдар. Олар гомофобтардың арасында өмір сүріп, өздері туралы ел біліп қояды деп қорқады. Сол үшін халық алдында гейлерге қарсы адамның рөлін "сомдайды". Осы арқылы өзіне ешкім назар аудармағанын қалайды. 

Сондықтан іштей өздеріне тосқауыл қояды, гейлерге қарсы зомбылыққа, оларды өлтіруге шақырады. 

Гомоссексуалдылық халық үлесінің 2%-ын құрайды деген статистиканы қолдаймын. Елордада 1,5 млрд халық тұрса, соның 2%-ы, демек 30 мыңы гомоссексуалды адамдар. 

Лесбилер де Қазақстанда қиындықтарға тап болады. Оның екі себебі бар. Біріншіден, елімізде лесби мен гейлер дискриминацияға ұшырайды. Екіншіден, әйелдердің өздеріне қатысты да дискриминация бар. Гейлердің гомофобияға ұшырауының себебі патриархалды қоғам болғандықтан, осы құндылықтарды ұстанатын еркектер өз көзқарасынан танбайды. 

Қазақстандағы гомофобияның дамуындағы өзгерістер

Осыдан он жыл бұрынғымен салыстырғандағы еліміздегі жағдай өзгеріп келеді.

Қазір қоғамда қолжетімді ашық деректер, ақпараттардың арқасында көпшілік бұған дейін гейлер мен лесбилер туралы дұрыс ақпарат білмеген. Мәліметтер, фильмдерді көріп, гейлердің өмірі жайлы жақынырақ білгеннен кейін олар басқаша ойлай бастайды. Сондай-ақ, өз ориентациясы жайлы ашық айта бастаған, талқыға салатын адамдар бар. Бүгінде осы деректердің ашық болуының арқасында гомофобтардың көзқарасы өзгеріп жатқанын байқауға болады.

Осыған қарамастан, қоғамда әлі де гейлер мен лесбилерге қатысты агрессивті позиция бары байқалады. 

Қандай адамдар көбіне гомофоб болады?

Жастарда гомофобия азырақ деп ойлаймын, себебі олар қолжетімді ақпарат өте көп заманда өмір сүреді. Ал үлкен буынның адамдары гомофобияға бейім. Олардың кезінде дұрыс ақпарат болмаған. Сондай-ақ, дін ұстанатын адамдар да гей мен лесбилерге қарсы көзқарас ұстанады.

Гомофобтар ақымақ адамдар: олар біз туралы дұрыс ақпарат білмейді, не болмаса жалған мәліметтерге сүйенеді. Мен оларды кінәламаймын. Егер сен гомофоб болсаң, агрессияңды сыртқа шығарма, өзгелердің өміріне қиянат жасама, дегім келеді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр