AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда полиция өз ұлын өзге баламен төбелестірген азаматты тапты

Полиция балаларды ойын алаңында төбелесуге мәжбүрлеген Нұр-Сұлтанның тұрғынын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында ер адам балаларды ойын алаңында төбелесуге мәжбүрлеген видеосы анықталды. Осы факті бойынша 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Ол ойын алаңында 8 жасар баласы мен оны ренжіткен 11 жасар баланы төбелесуге шақырды.

Төбелестің салдарынан 11 жасар бала жарақат алды. Жарақат алған баланың анасы полицияға арыз жазды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.

Полиция ересектер тарапынан мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын ескертті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, балалардың құқықтарын бұзғаны және олардың денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр