"Ассалаумағалейкум" сөзінің шығу тегі
Халық даналығында "сәлем – сөздің анасы, әлек алған – данасы" деген қанатты сөз бар. Мұндағы "сәлем" дегеніміз – "ассалаумағалайкүм" (әсілі – ассаламу алейкум) деген дәстүрлі сәлемдесудің қысқарған түрі. Бүгін "Ассалаумағалайкүм" сөзінің шығу тегі жайлы ақпарат береміз.

"Әлек" дегеніміз – "уалейкүмассалам" (әсілі – уа алайкум ассалам) деген жауап сәлемнің қысқарған түрі. Жалпы, арапшадан аударғанда "сәлем" сөзі –"бейбітшілік", "бойсұны", ал "ғалайкүм" сөзі – "сендерге (саған)" деген мағананы білдіреді. Бұл сәлемдесу, негізінен, жәй жағдай сұрасу ғана емес, адамның бір-біріне дұға қылуы деп айтуға да болады. Өйткені, әс-Сәлем – Алланың 99 көркем есімінің бірі. Сондықтан біз бір мұсылманға "ассалаумағалайкүм" деп айтқанда, оған Алланың сәлемін, тыныштығын тілеген боламыз. Қазақ арасындағы Абдусалам деген есімнің мағанасы да осы айтқанымызға саяды. Яғни, бұл есімнің мағынасы сәлемсүйгіш, бейбітсүйгіш, тыныштықсүйгіш Алланың құлы дегенді аңдатады.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті