Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дарынды жастарға арналған "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Еліміздің мақсаты айқын, дарынды жастары мемлекеттің қолдауына ие болмақ. 

"Грант беру мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау болып табылады", - делінген жоба сипаттамасында. 

14-29 жастағы әрбір қазақстандық грантқа ие бола алады. 

Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде келесідей бағыттар бойынша беріледі:

1)  "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды іске асыру және зерттеу үшін;

2) "Мәдениет»"- Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

3) "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде ісін жаңа бастаған стартап жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

4) "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;

5) "Медиа" - жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

Грантқа ие болу үшін жолданған өтініштерді байқау комиссиясы екі кезеңде қарастырады. 

Үміткерлер жобаның сипаттамасы, видеопрезентация (бір минуттан аспайтын), шығындар сметасының жобасы және зияткерлік меншік туралы ақпарат (юар болған жағдайда) жолдауы тиіс. 

Биыл жалпы сомасы 103 514 000 теңгеге 30 грант бөлінеді деп жоспарлануда. 2023 жылы бөлінген гранттар саны 100-ге дейін көбейтілмек.

Үкімет 5 жыл ішінде жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1 207 570 000 теңге бөлуді көздеп отыр.

2021 жылы - 30 грант 103 514 000 теңге;

2022 жылы - 50 грант 163 514 000 теңге;

2023 жылы - 100 грант 313 514 000 теңге;

2024 жылы - 100 грант 313 514 000 теңге;

2025 жылы - 100 грант 313 514 000 теңге.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы жастарға жаңа грант тағайындалатынын сөз еткен болатын. 

"Қазақстан - дарынды жастардың мекені. Ертең бұл өскелең ұрпақ біздің еліміздің намысын қорғайтын болады. Сондықтан да олардың таланттарын шыңдап, қабілеттерін дұрыс арнаға бұру үшін біз бар күшімізді салуымыз керек", - деді мемлекет басшысы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр