Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азырақ төлеңіз: несиені қалай жеңілдетуге болады

Тиімді несие бизнесті кеңейтуге, үй немесе тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесе алады, бірақ несиемен бірге банктің алдында міндеттемелер пайда болады. Егер несиелік тарихыңызды құртып алғыңыз келмесе, банктің талаптарын қатаң сақтаған жөн. Дегенмен қаржылық жағынан қиналып, несие төлемі ауыртпалық жасаса, не істеуге болады? 

Жусан

Тұтынушылық несие таңдағанда кез келген адам қателікке бой алдыруы мүмкін. Біреулер "ыңғайлы" шарттарға сенсе, ендігілері несиеге тезірек қол жеткізу үшін банкке тұра ұмтылады. Десек те банк таңдағанда қателестім деп ойласаңыз, еш уайымдамаңыз. Себебі шешімі жоқ мәселе болмайды. Мұндай жағдайда жеңіл әрі тиімді шарттар ұсынатын банкте несиеңізді қайта қаржыландыра аласыз. Мәселен, Jusan Bank-те қайта қаржыландыру рәсімдеу арқылы сіз  бұрынғы несиеңізді жауып қана қоймай, қосымша қаражатқа ие боласыз. 

Жаңадан отау құрған Олег пен Жанар бірінші кезекте үйлеріне жөндеу жұмыстарын жасап, жаңа жиһаз сатып алу туралы шешім қабылдады. Екеуінің де жоғары табысты жұмысы болғандықтан олар банкте несие рәсімдегенде қиындыққа кезікпеді. Үш-төрт жылда қарызды жауып бітіреміз деген ерлі-зайыптылардың ойын күтпеген жерден коронадағдарыс бұзды. Туризм саласында жұмыс істейтін Олегтің табысы қысқарып, несие төлеу біраз әбігерге салды. 

Мұндай жағдайда қосымша кіріс көзі мен бұған дейін жинап қойған қаржыңыз болмай жатса, банкке жағдайды түсіндіріп, несиелік тарихыңызға нұқсан келмей тұрып жүгінген абзал. Ай сайынғы төлемдерді азайтудың оңтайлы шешімін іздеген кезде Jusan Bank-те қайта қаржыландыруды қарастырған жөн. Мұнда сіз басқа банктегі несиеңізді неғұрлым тиімді шарттармен төлеу үшін 5 жылға дейінгі мерзімге 6 миллион теңгеге дейін қаражат ала аласыз. Ал несие мерзімі соңына дейін әрбір ай сайынғы төлемнен кэшбэктің қайтарылуы сізге қосымша көмек болмақ.  

Jusan Bank-те қайта қаржыландыру рәсімдеу өте оңай. Ол үшін Jusan мобильді қосымшасын орнатып, қайта қаржыландыруға өтініш беруіңіз керек. Сондай-ақ, банктің бөлімшесіне барудың еш қажеті жоқ: несиені мақұлдаудан бастап, қаражаттың табысталуы дейінгі үрдістердің барлығы онлайн түрде жүзеге асырылады. Бұған қоса, өтінішті қарастыру бар-жоғы екі минутқа созылады. Қайта қаржыландыруды рәсімдеу кезінде банк несиенің төлем сомасы мен мерзімі бойынша сіз көрсеткен шарттарды мақұлдайды немесе басқа да балама нұсқаларды ұсынады. Қайта қаржыландыруға берілетін қаражат сіздің несиеңіз бар банк шотына аударылады, осылайша бірнеше минут ішінде бұрынғы қарызыңыздан толығымен құтыласыз. 

Сонымен қатар, несиені қайта қаржыландыру кезінде сіз қосымша қажет деген соманы көрсетіп, несие көлемін Jusan Bank-те тиімді мөлшерлемемен көбейте аласыз. Бұл жағдайда қосымша сома сіздің шотыңызға түседі. Ал егер бұрын-соңды банктің картасын қолданбасаңыз, онда сіз мультивалюталық Jusan Pay картасын тегін ашып, үйіңізге дейін тапсырыспен алдыртуға болады. 

Талқылау