Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өміріңізді жеңілдетіңіз: Армандарына қол жеткізе алған үш адамның оқиғасы

Қарапайым тұрғынға жаңа гаджет, шетелге саяхат немесе үйіне жөндеу жұмыстарын жасау үшін қаражат табу қиынға соғары анық. Десек те бүгінгі күні банктер олардың өмірлерін жеңілдету үшін ыңғайлы шарттары бар несие ұсынады. Кейбір банктерде тіпті, несие үшін берілетін арнайы кэшбек те қарастырылған.

несие

Бірінші оқиға. Маржанның жап-жаңа смартфон алғысы келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Жаңа телефон арқылы ол Instagram-дағы суреттері мен TikTok-тағы видеоларын жетілдіріп, әлеуметтік желілердегі парақшаларын жандандырмақшы. Дегенмен Оралда жақсы қызметте жұмыс істейтіндігіне қарамастан Маржанның заманауи телефон сатып алуға қаражаты жоқ еді. Жас маманның жалақысы да қалаған затыңды алуға жетпейтін көрінеді. Алғашында ақша жинауға бел буған оның бұл жоспары іске аспайтынын түсінеді. Маржан арманына қол жеткізу үшін несие алу туралы бұрын ойламаған еді. Интернетте түрлі банктердің ұсыныстары жайлы оқып, өзіне тиімдісін табуға тырысты. Осылайша кэшбэгі бар несиеге кезігеді. Бірақ мұндай ұсыныс тек бір ғана банкте бар екенін аңғарады. Маржан банктің мобильді қосымшасын жүктеп алып, өтініш қалдырып, бір сағаттан соң ақшалы болды. Жаңа смартфонды иеленіп, қуанышы қойнына сыймаған Маржан бұл шешіміне дән риза!

Екінші оқиға. Үш баланың ардақты әкесі, отағасы Тимур отбасын алып теңіз жағасында демалып қайтуды ойлап жүр. Десек те құрылыста бетоншы болып жұмыс істейтін оның саяхатқа жолдама сатып алуға қалтасы көтермейді. Тапсырысқа торт әзірлеп, үйде құры отырмай, күйеуіне қолғабыс танытатын Тимурдың жары бір күні жедел турға кезігеді. Турды сатып алуға деген шығынды өтеу үшін олар тиімді әрі ыңғайлы шарттарға ие экспресс-несие рәсімдеп, бүкіл отбасымен бір демалып қайтты. Несие үшін кэшбекке ие болып, артық төлемсіз қарызды жауып тастады. Армандар орындалады!

Үшінші оқиға. Руслан мен Кристина - жас отбасы. Олардың алға қойған мақсат-армандары да жетерлік: балалы-шағалы болу, отбасылық саяхат жасау, жаңа көлік пен үй алу. Карантин кезінде үйге қамалып отырған ерлі-зайыптылар бір күні өздері отырған төрт қабырғаны жаңарту туралы шешім қабылдайды. Бірақ жөндеуге кететін қаржыны есептегенде сасып қалады. Бұл мәселенің шешімін табу үшін жас жұбайлар банктің тұтынушылық несиесіне жүгінеді. Аталмыш несиенің шарттары да ыңғайлы: 6 млн теңгені 5 жылға онлайн рәсімдеп, қарызды онлайн жабуға болады. Ең қызығы, Руслан мен Кристинаның несиеге алған ақшалары жөндеу жұмыстарына да, жаңа тұрмыстық техника алуға да жетіпті. Енді олар үйде отырса да, көңілді отырады. Себебі жөнделген үй жаңа қуаныш әкелді!

Ең бастысы, армандар мен мақсатты кейінге ысырып қоюды әдетке айналдырмаған жөн. Оларды орындау үшін өмірдің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды ұмытпаңыз!

Талқылау