Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кепілдемеге ие инжиниринг

Бүгінде құрылыс әлемде де, Қазақстанда да қарқынды түрде дамып келе жатқан салалардың бірі. Десек те көп адам кәсіпкерліктің бұл түріне бет бұрғысы келмейді. Нұр-Сұлтан тұрғыны Зарупал Масенова қазіргі күні қазақстандық құрылысты дамыта отырып, бала күнгі қызығушылығын ілгерінді бизнес көзіне айналдыра білді. 

жусан

Зарупал Масенованың айтуынша, бала кезінде ол дәрігер болғысы келген екен. Алайда ата-анасының нұсқауымен  Қарағандының политехникалық институтына инженерлік мамандығына оқуға түскен.  

Бұл таңдауына еш өкінбедім деген ол 25 жыл бойы Жезқазған сәулет басқармасының  қалалық атқару комитетінде жұмыс істеп, 2001 жылы елордаға қоныс аударады. Бас қалада Зарупал Масенованың қала әкімдігінің күрделі құрылыс бөлімінде қызметі жоғарылайды. 

"Компания 1997 жылы жаңа астанамыздың нысандары мен инфрақұрылымдарының құрылысын ұйымдастыру мақсатында қала әкімдігінің күрделі құрылыс басқармасы ретінде құрылды. 2005 жылы ол "Астанастройинжиниринг" ЖШС болып қайта ұйымдастырылды", - дейді Зарупал. 

Кәсібилігі мен еңбекқорлығының арқасында ол 2004 жылы ұйымның директоры атанып, ал 2014 жылы мердігерлердің бірі болады.  

"Компанияның құрылғаннан бастап оның негізгі қызметі құрылыс саласындағы инженерлік болды. Оның ішінде жобаны басқару, құрылысты техникалық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру біздің негізгі міндетіміз саналды", - дейді ол.

Экономика тұрғысынан алғанда құрылыс Қазақстанда да, әлемде де жоғары қарқынмен дамуда. Заман ағымына сай жүре отырып, басқаларынан қалмай, үлкен тапсырыстар үшін мекемелер тендерлерге көбірек қатысуы шарт. Дегенмен тендерлерге қатысу бірқатар қаржылық мәселелердің туындауына әкеп соғады. Ал тендерлік кепілдіктер өз кезегінде осындай мәселелердің шешімі бола алады: бұл жағдайда бизнесіңізден қомақты соманы шешудің қажеті жоқ, банктің қолдауы сізге көмекке келеді. 

"Жалпы, біз құрылған кезден бастап, яғни 1997 жылдан бері осы банктің клиентіміз. Ол кезде қаржы ұйымының атауы басқа еді, десек те біздің банкке деген сеніміміз оның қалай аталғанына емес, сенімді серіктестікке негізделді. Ал 2018 жылы тендерлік кепілдіктерге қажет болған кезде біз еш ойланбастан өзіміздің банкімізге жүгіндік. Айта кету керек, бұл біздің бірінші рет тендерлік кепілдік рәсімдеуіміз. Десек те алдағы уақытта қиындықтар орын алады деп еш уайымдаған жоқпыз. Ойлағанымыз келіп, бір сағат ішінде қызметті рәсімдедік. Болашақта да бұл банкпен серіктестігіміздің жемісін жейміз деген ниеттеміз", - деді Зарупал. 

Расымен де Jusan Bank ұсынатын тендерлік кепілдемелер бірқатар артықшылықтарға ие. Атап айтсақ, мұнда құжат пакетінің аздығы, кепіл қоюдың сұратылмауы және банктің кез келген бөлімшесінде 1 сағатта кепілдікті (электронды) алу қарастырылған. Бұған қоса, кепілдіктің берілгеніне комиссия ұсталмайды. 

Қазіргі күні "Астанастройинжиниринг" 20 жылдай уақыт бойы серпінді түрде дамып келе жатқан компаниялардың бірі және өзін сенімді серіктес ретінде таныта білді. Ал құрылыс сияқты күрделі салада сенімді серіктестерді, жеткізушілер мен мердігерлерді таңдау ерекше маңыздылыққа ие. Осыған орай, бұл компания құрылыс саласында үлкен жұмыс тәжірибесі, кәсіби командасы мен серіктес болудағы ыңғайлы шарттары арқасында алдыңғы орынға табан тіреді. 

Талқылау