Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас сүйегі тесіліп, қан тамыры зақымданған: Қарағандыда ер адамның үстіне шатыр құлап кетті

Қарағанды ​​тұрғынының басына шатыр құлап, ол ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі eKaraganda.kz порталына сілтеме жасап. 

Оқиға Ерубаева көшесі 72 мекен-жайы бойынша орналасқан екі қабатты ескі үйдің кіреберісінде болған. Жарақат алған адам шатыр құрылысын жүргізіп жатқан компанияда жұмыс істеген. Ол 10 сәуір күні кешке өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиғағ орнына келген.

Оның әйелі Светлана Механцева айтқандай, жарақат алғаннан кейін күйеуі жедел жәрдеммен ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оның бас сүйегі тесіліп, үлкен қан тамыры зақымданған.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады.

"Менің күйеуім кәсіпкер, бірақ қазір біздің отбасымыз ғана емес, оның қызметкерлері де қаражатсыз қалады. Күйеуімнің ағасы полицияға хабарласқан еді. Олар күйеуімнен ешқандай шағымым жоқ деп өтініш жазуын сұрапты", - дейді жәбірленушінің әйелі.

Қазыбек би ауданының әкімдігі Ерубаев 72 көшесіндегі үйде жауапты тұлғалар болған жағдайда жағдай оңайырақ болар еді деп түсіндіреді. Алайда Ерубаева көшесіндегі 20 пәтері бар екі қабатты тұрғын үйді басқаратын заңды тұлғалар ресми бекітілмеген көрінеді. 

Талқылау