Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көп балалы ана 14-ші сәбиін дүниеге әкелді

Алматы облысы Кербұлақ ауданында көп балалы ана 14-ші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы облысы Кербұлақ ауданында алтын құрсақты "Батыр ана" Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін дүниеге әкелді. Отбасын осы қуанышымен аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев құттықтады. Бұл отбасыға 2019 жылы Сарыөзек ауылынан көп балалы санатымен тұрғын үй берілген болатын", - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Сәрсенбай Садуақасов пен Гүлназ Жеңісбайқызының шаңырақ көтергеніне 27 жыл болған. Бүгінде олар 10 қыз 4 ұл тәрбиелеп отыр, 3 немерелері бар. 

"Өмірдің мәні де, сәні де - бала. Денсаулығым жетсе, бала туудан қашпаймын. Қазақ "баланы жастан" дегенді бекер айтпаған. Үлкен қызым мұғалім. "Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді" дейді, сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсы тәрбиелесең, соңғылары соларға еліктеп, үлгі етіп өседі деп ойлаймын", - дейді Гүлнәз Жеңісбайқызы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр