Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да еліктер жаппай қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында еліктер жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғындар мен еріктілер бірнеше айдан бері жануарлар аштықтан қырылып жатыр деп дабыл қақты. 

Сөйздерінің дәлелі ретінде еркітілер еліктердің өліп жатқан видеосын түстіріп, желіге жүктеген. Видеоның авторлары еліктер аштықтан өле бастаған деп болжайды.

Сергеевка қаласының тумасы Михаил Михайленко да еліктің өліміне куә болды. Ер адам соңғы екі айда ондаған өлекселер табылғанын айтады.

"Ересек еліктердің тірі қалу ықтималдығы жоғары, өйткені олар бұрын мұндай қиындықтарға тап болған. Олар не жеуді біледі, бірақ кішкентай еліктер әлі ешнәрсе білмейді. Содан қырылып жатыр", - деді ол.

Аймақ тұрғындарының айтуынша, жануарларға азық жетіспейді. Қар мен мұзды жануарлардың шөпті тауып жеуіне мүмкіндік бермей отыр. 

"Олар тамақ іздеу үшін жолға шығуға мәжбүр. Тіпті адамдардан қорықпайды. Мен жолдың бойынан бірнеше еліктің өлігін таптым", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Санжар Асқаров.

Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы жабайы жануарларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге және олардың жаппай қырылу нұсқасын ұсынуға жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмағанын хабарлады.

"Олар автомобиль жолдарының бойында көп жүреді. Біз оларды көруге арнайы бардық. Жануарлар көбінесе көліктердің астына түсуіп өліп жатыр. Оған қоса, иттер де еліктерге шабуыл жасайтын көрінеді", - деп жауап береді аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің инспекторы Олег Беспалов.

Бүгінде облыста 15 мыңнан астам елік мекендейді. Бірақ биыл олардың қаншасы қайтыс болғаны туралы орман және жануарлар дүниесі инспекциясы әлі есеп бермеген. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 08 Сәуір, 2021 09:41
Талқылау