Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы шалғай ауылдардың бірінде коронавирус өршіп жатыр

Қарағанды облысына қарасты Алғабас ауылында бір аптада отыздан астам адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантинАқпаратты облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті растады.

"Ағымдағы жылдың 28 наурызынан 4 сәуіріне дейінгі аралықта Қарағанды ​​облысы, Ұлытау ауданы, Алғабас ауылының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының 34 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Науқастар Жезқазған және Сәтпаев қалалардағы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылды", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Облыс орталығы - Ұлытау ауылынан 90 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Алғабас ауылында барлығы 250 адам тұрады.

Қазіргі уақытта мамандар эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Алғабас ауылына кетті.

"Байланыс жасаған адамдар анықталды. Аурудың одан әрі таралмауы үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Эпидемиологиялық тергеу барысында ауыл тұрғындарының арасында инфекцияны алып келген ауылдан басқа аймаққа барған тұрғын екендігі анықталды", - деп атап өтті Қарағанды ​​облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Сондай-ақ, Ұлытау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі шектеу шараларын енгізу туралы қаулы шығарды, санитарлық пост құрылды, мектеп оқушылары 18 сәуірге дейін қашықтықтан оқытуға жіберілді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр