Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық: Тоқаев мәселені шешуді тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер штатын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
"Ішкі істер министрлігіне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер штатын қалпына келтіруді тапсырамын", - деді президент.
Тоқаев бір кездері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жиі кездесетін аймақтарда бөлімшелердегі штат санының жартысына жуығы қысқарғанын еске салды.
"Бұл ретте мұнда басты рөл ІІМ-нің 1999 жылы құрылған әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелеріне берілді. Олар полицияның азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының тиімді буыны болуы керек", - деді президент.
"Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық оларды қоғамға толыққанды араласудан айырады және отбасы институтына теріс әсер етеді. Бұл өзекті мәселені мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ортақ күш-жігерімен ғана шешуге болады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Тоқаев әйел тергеушілерді дайындау керек екенін айтты.
"Айгүл Орынбектің бастамасын атап өтемін. Ол әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша әйел тергеушілерді мамандандыруды ұсынды. Бұл жәбірленушілерге біржақты және әдепсіз көзқарас фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады ҚР президенті.