Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша ипотека тағайындауда ең үздік деп танылды

ЦентрКредит Банкі (ЦКБ) осымен үшінші жыл қатарынан "7-20-25" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша ең үздік нәтижелер көрсетуде. Осыған орай, банк "Қазақстанның тұрақтылық қоры" акционерлік қоғамының тарапынан марапатқа ие болды. 2020 жылдың қорытындыларына сәйкес, ЦКБ аталған бағдарлама бойынша қазақстандықтарды 57,6 млрд теңгеге ипотекалық қарызбен қамтамасыз еткен. 

бцк

"Бұл марапатқа ие болғанымызға шын жүректен қуанудамыз. Бұған қоса, бұл қуанышымызды былтыр тұрғындардың өз пәтерлерін иеленуі екі есе арттырды. Біз тұрғын үй мәселесінің өзектілігін түсініп отырмыз, сондықтан қазақстандықтардың бұл мәселені тезірек шешуі үшін банк қызметін барынша оңтайландырдық. Мен дәл біздің ұйымда әрбір клиентке жауапкершілік пен кәсібилігін танытатын қызметкерлер жұмыс атқаратынына сенімдімін. Өз кезегінде Қазақстанның тұрақтылық қорына біздің қызметімізді жоғары бағалағаны үшін алғысымызды білдіреміз", - деді ЦентрКредит Банкінің басқарма төрағасы Галим Хусаинов.

Еске салайық, 2018 жылы ЦКБ мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй заемдарын рәсімдейтін алғашқы банк болды. Қазірде банк "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қарызын тағайындауда үш жыл қатарынан көш басында келеді. ЦКБ құрастырған скорингтік жүйенің арқасында клиент 15 минут ішінде тұрғын үй заемын рәсімдеуге рұқсат ала алады. 

"Сондай-ақ, зейнетақы жинақтамасын қолдану туралы керемет жаңалықпен бөліскім келеді. Енді БЖЗҚ-да жиналған қаражаты арқылы тұрғындар BCC.KZ сайтында өтініш білдіріп, өздерінің баспана мәселесін шешу мүмкіндігіне ие болды. Яғни, енді азаматтар ипотекалық қарызын жабу немесе қайта қаржыландыру рәсімдеу үшін біздің банкке жүгіне алады", - деп қорытындылады басқарма төрағасы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр