Бір жеткіншектің жүрегі жасанды болған: Алматыда ер адам екі жасөспірімді ұрып кеткен
Алматыда екі жасөспірімді ер адам ұрып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақпарат желіде таралып, оқиға орны Галилей көшесінде болған деп хабарлануда.
Екі бала далада қар атысып ойнаған. Кенеттен ер адам жеткіншектің бірін жағынан бір ұрса, екінші баланы жерге құлатып, ішінен, бетінен ұрған (жасанды жүрек салынған). Оны жедел жәрдем алып кеткен. Содан кейін күдікті өзге екі әйелге шабуыл жасаған, - дейді полицияда.
Желіде таралған ақпаратта полиция патрульдігі жақын жерде тұрса да, көмектеспегені жазылған.
Қалалық полиция департаменті бұл факті Жетісу аудандық полиция басқармасында тергеліп жатқанын атап өтті.
"Баланың анасы ресми өтінішпен жүгінген. Істің мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, жасөспірім алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлаймыз", - деді ведомствода.
Сондай-ақ, полиция жасөспірімнің анасы тәртіп сақшыларына ешқандай шағымданбағанын айтқан.