Өзінің жүкті екенін білмеген келіншек босану кезінде көз жұмды
Ұлыбританияның Бристоль қаласының тұрғыны өзінің жүкті екенін білмеген. Келіншек ойламаған жерден босанып, белгісіз жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
18 жастағы Даниэль Джонс пен оның отбасы және баласының әкесі толғақ басталғанға дейін жүктілік белгілерінің байқалмағанын айтады. Келіншек дәрігерлер келгенге дейін босанып қалған. Мамандар әйелге сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін ауруханаға жеткізді. Ол көп ұзамай қайтыс болды, өлімнің себебі анықталып жатыр. Оның Дэнни есімді ұлы аман қалды.
Марқұмның туыстары мен достары GoFundMe краудфандинг сайтында баланы асырауға және келіншекті жерлеуге қаражат жинап жатыр.
Дэнни әлі ауруханада. Отбасы баланы шығарып алуға дайын емес, өйткені қыздарының жүкті екенін жақында ғана білген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”