Алматы метросының басшысы тағы ауысты

Алматы "Метрополитен" КМК-ге жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сағындық Телібаев метро басшысы ретінде тағайындалған. Оны Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды.

Қала әкімі метрополитеннің алдына бірқатар нақты міндеттер қойғанын атап өтті әкімнің орынбасары. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауы, жолаушылар ағынының артуы.

Сондай-ақ, ол Сағындық Телібаевтың тәжірибелі менеджер, көлік саласында мол тәжірибесі бар екенін тілге тиек етті. Жалпы метроны одан әрі дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Сағындық Телібаев метрополитендегі еңбек жолын "Алматыметрокрылыс" АҚ күрделі құрылыс басқармасының техникалық инспекторы болып бастады. Ол мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы болып бастады.

Кейін күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженері, Алматы қаласының "Метрополитен" КМК техникалық бөлімінің жетекші инженері болды. Соңғы бірнеше жылда Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр