18 адамды үсік шалды: Павлодарда қатты аяздан үй есіктері ашылмай қалды (видео)
Павлодарда 40 градусқа дейін күн суытты. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райын қалай өткеріп жатқанын айтты.
Желі пайдаланушылардың бірі баспалдақтың қатып қалған есігін видеоға түсіріп алған.
«Балалар, қараңдаршы. Мен далаға шықпайтын сияқтымын», - деп түсіндірді автор видеода.
Кейбіреулер Павлодар аязын америкалық «Ертеңгі күн» апокалиптикалық фильмімен салыстырады.
Бір ғана Ертіс өңірінде 18 адамды үсік шалды. Олардың ішінде нәрестелер де бар.
"Бір жастағы қыз бала ауруханаға түсті. Оның саусағы үсіп қалған. Анасымен бірге серуендеуге шығыпты", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Астана арнасына берген сұхбатында.
Полиция өңірде көлік жүргізушілеріне ескерту жасап, алыс жолға шығуға тыйым салды. Осы уақытқа дейін жолда қалған 15 адам құтқарылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”