Тағы бір қазақстандық қала коронавирус бойынша "сары" аймаққа енді
Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласы COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймаққа енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Семей әкімдігінің хабарлауынша, халықтың 100 мың тұрғынына шаққандағы апта сайынғы сырқаттанушылық және репродуктивті инфекцияның жиынтық индикаторын ескере отырып, Семей Шығыс Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймаққа кірді.
"Осы себепті барлық қауіпсіздік шарасын сақтауларыңызды сұраймыз. Гигиена сақтап, маска тағып, қажеттілік болмаса адам көп жиналған жерлерге бармаңыздар", - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "қызыл" аймақта тек Атырау облысы ғана қалғанын хабарлаған. "Сарыда" - Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан бар.
Талқылау

Азық-түлік, газ, темекі қымбаттайды, әскерилер үйді жекешелендіріп ала алады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
1 шілдеден кейін жұмысқа кіретін күштік құрылымдарындағы қызметкерлерге үй мәселесі бойынша жаңа тәртіп енгізілмек

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
Сонымен қатар министрліктердің басшылары ауысқан