Коронавирустың пайда болуына қатысты тың деректер белгілі болды
Коронавирустың таралуына Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан вирустың белгісіз жағдайда шығарылуы себеп болған. Мұндай пікірді президент Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Мэттью Поттингер айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Поттингердің пікірінше, қазіргі кезде вирустың таралуына қатысты бұл болжам ең сенімді әрі ақылға қонымдысы.
"Зертханадан вирус таралып кеткені туралы дәлелдер бар", - дейді ол әртүрлі елдердің парламенттері қатысқан онлайн конференция барысында.
Кеңесшінің орынбасары атап өткендей, апат салдарынан вирус зертханадан шығып кетуі мүмкін еді. Алайда, ол өзінің нұсқасына ешқандай дәлел келтірген жоқ.
- "Наконец-то, коронавирус келеді": 2020 жылы басы дауға қалған шенеуніктер
- Қытайдың СІМ басшысы коронавирустың қалай пайда болғаны туралы айтты
Қаңтардың басында Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И кориновирустың шығу тегі туралы Бейжің нұсқасын ұсынды. Оның пікірінше, көптеген зерттеулерге сәйкес, жаңа инфекцияның пандемиясы әлемнің әр түрлі жерлерінде жеке-дара пайда болуынан туындаған.
Коронавирустың туындаған COVID-19 пневмониясының өршуі алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. 11 наурызда ДДҰ бұл жағдайды пандемия ретінде сипаттауға болатынын мәлімдеді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
