Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Метрода полициямен ұсталған ер адам аяқ-асты көз жұмды

Ер адам Мәскеу қаласында метросының "Щукинская" станциясында ұстау кезінде көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме беріп.

Бұл туралы ІІМ-нің Мәскеудегі баспасөз қызметі хабарлады.

26 желтоқсанда Мәскеу уақытымен 18:00 шамасында "Щукинская" метро станциясының фойесінде ер адам өз-өзін дұрыс ұстамай, полиция қызметкерлерінің ескертулеріне жауап бермей банкоматты бұзуға тырысты. Құқық қорғау органдары оны бөлімшеге жеткізуге тырысты.


Туыстары полицияға хабарламаған: Шымкентте туған әкесінен бала босанған қызға қатысты тың деректер пайда болды 


Ол полиция мен метро қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Оны ұстау барысында ер адам есінен танып қалды.

"Оған дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақыртылды. Келген дәрігерлер азаматтың қайтыс болғанын анықтады", - деді ведомство.

Жағдай бойынша тексеру жүргізіледі, азаматтық өлім себебі анықталады.

STAN.KZ
Жексенбі, 27 Желтоқсан, 2020 19:07
Талқылау