Өзбек әншісі кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталды
Өзбекстан полициясы жергілікті эстрада әншісі Жасур Өміровты ұстады. Ол кәмелетке толмаған қызды зорлады деп күдіктелуде.
Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі Самарқанд облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады. Әншіні қамауға алу туралы сот шешім шығарды.
Өміровқа қарсы қылмыстық іс 2020 жылы 9 қазанда Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 118-бабы, 1-бөлігі - "жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау" бабы бойынша қозғалғандығы атап өтілді.
Қазіргі уақытта іс бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленушінің өзі және оның адвокаты тергеу амалдарының жүргізілуіне наразы болғандықтан облыстық прокуратураға жүгінгені атап өтілген.
Апелляциялық шағымды облыс прокуроры қарап жатыр. Жәбірленуші мен оның өкілін іс бақылауда және сот шешімі көп ұзамай шығады деп сендірді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн