Қазақстандағы қатты ластанған қалалар белгілі болды

Қазгидромет мамандары атмосфералық ауасы ең лас қалаларды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2020 жылғы 1 желтоқсан айымен 7 желтоқсан аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:

Қызылорда және Петропавл қалаларында бір де бір ШЖШ – дан ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Алматы қаласы шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 726 жағдайы тіркелді.

Өскемен қаласы шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 786 жағдайы тіркелді.

Қарағанды қаласы шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 187 жағдайы тіркелді.

Нұр-Сұлтан қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 973 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр