Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавируспен күрес үшін: Қазақстан тағы да 661 млн 800 мың еуро қарыз алмақ

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес 661 млн. 800 мың еуро сомасындағы Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.

"Қарыз 2021 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Яғни COVID-19 пандемиясының салдарына қарсы күрес және экономиканы қалпына келтіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Қарыз 3 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл өтеу мерзіміне беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%", - дейді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады.

"Көрсетілген қаражатты тарту бюджеттің бекітілген тапшылығы жағдайында өте маңызды болып табылады. Бұл қаражат Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы үшін 2020 жылға резервтелген", - дейді қаржы министрі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр