Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында құдалар келінді тонап кеткен

Түркістан облысында ерлі-зайыптылардың арасында кикілжіңнің арты арызбен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Түркістандық әйел күйеуге шығып, артынша бір апта өткен соң ажырасып кетеді. Алайда қыз алған жақ қалың малды қайтаруды талап етеді, бұған ажырасып кеткен келіншек жоқ деп жауап берген сыңайлы. Ашуланған тарап келіншектің құлағынан алтынды шешіп алып, байлауда тұрған бұзауды айдап әкетіпті.

Өз кезегінде әйел полицияға шағымданған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тартып алынған мүлік кері қайтарылыпты. 

Талқылау