Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік қызды алып қашу оқиғасы: Бойжеткен терезеден байқаусыздан құлағанын айтты

Шымкенттік қыз көпқабатты үйдің екінші қабатындағы терезеден жұмбақ жағдайда құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеп. 

секіріп

Екінші қабаттан құлаған қыздың көп жері сынып, сау тамтығы қалмаған. Кейбір мәліметтер бойынша, қызды алып қашқан көрінеді. Оған көнбеген қыз терезеден секірмекші болған екен. Алайда полицияда қыз оқиғаны басқаша баяндаған.  

"Жедел-тергеу тобы ауруханаға келген бойда азаматша Республика даңғылындағы 45-үйде тұратын туыстарының үйінде қонақта болғанын және өзінің абайсыздығынан терезеден құлап кеткенін, сондай-ақ бұл факті бойынша ешкімге шағымы жоқ екенін айтты", - деп ведомствода түсініктеме берді.   

Еске салсақ, Шымкентте жас жігіт үйлену мақсатында қызды алып қашқан. Қыз пәтердің екінші қабатының терезесінен секіріп, ауыр жарақаттанғанын жазған едік.   

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Қараша, 2020 15:14
Талқылау