Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блок-бекет орнатылады: Қазақстанның тағы бір облысында шектеу шарасы күшейтіледі

9 қарашадан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеу шаралары қабылданады. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов 9 қарашадан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды облыс әкімдігіне тапсырды.

- Павлодар қаласының периметрі бойынша бақылау бекеттерін құру;

- күн сайынғы өсім 10 жағдайдан асатын елдімекендерде санитарлық бақылау бекеттерін орнату;

- әуе байланысын келесі бағыттар бойынша қысқарту: Павлодар - Алматы рейстері 10-нан 5-ке дейін; Павлодар - Нұр-Сұлтан 3-тен 1 рейске дейін; Павлодар - Шымкент аптасына 2-ден 1 рейске дейін; - Павлодар - Алматы бағытындағы теміржол тасымалын аптасына 7-ден 3 есеге дейін төмендету;

- жолаушылар пойыздарының облыс ішінде тоқтауына тыйым салу (облыс әкімдігі белгілеген орындарды қоспағанда);

- діни сайттардың, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдени объектілердің қызметін тоқтату;

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын 20: 00-ге дейін шектеу;

- жиналысты жеке өткізуге тыйым салу;

- қызметкерлердің кем дегенде 80% қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру;

- 65 жастан асқан адамдарға, егер қажеттілік болмаса, амақ, алғашқы қажеттіліктер, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларынан басқа жағдайда тұрғылықты жерінен шықпауға кеңес беру. 

Демалыс және мереке күндері:

- қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтатады (трамвайлар, автобустар, маршруттық таксилер);

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық және ашық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;

- монша, сауна жұмысын тоқтата тұру;

- тамақтандыру объектілерінің жұмысы тек жеткізу жүйесіне ауыстыру.

«Сондай-ақ, облыс басшылығына карантиндік режимнің сақталуы бойынша мониторингтік топтардың қызметін, сондай-ақ карантиндік режимді мінсіз сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды», - делінген хабарламада.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал үкіметтің тұрақты бақылауында.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 04 Қараша, 2020 19:05
Талқылау