Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ішімдікке тойып алып, көлік айдаған бойжеткен ұсталды

Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігінен айырылған бойжеткен ішімдікке сылқия тойып алып, көлік жүргізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында полиция қызметкерлері Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде күдік тудырған «PEUGEOT 206» маркалы көлікті байқаған. Тексеру барысында 28 жастағы қыздың мас екені анықталды. Жүргізуші құжаттары мен жүргізуші куәлігі жоқ екенін мойындады. Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған", - делінген елордалық ПД хабарламасында.

Бойжеткен 2019 жылдың маусым айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған екен. 

"Алайда жазаға қарамастан, жүргізуші мас күйінде рөлге қайта отырған. Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы ПД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде жүргізушіге 2 айға дейінгі мерзімге қамауға алыну қаупі бар", - деп қосты ПД өкілдері.

Талқылау