Елорда тұрғыны тікелей эфирде көпірден секірмек болды
Нұр-Сұлтан полицейлері тікелей эфирде суицид жасауға тырысқан ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 қазан күні кешке полицияға Facebook қолданушысы белгісіз адам тікелей эфирде Сарайшық көшесіндегі көпірден секіруге тырысып жатқандығы туралы хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы барған. Көпір қоршауының артынан қызметкерлер күйзеліске түсіп, төмен секіргісі келетін адамды көрген.
"Полицеймен әңгімелесу барысында ол әйелімен ажырасқанын және балаларын сағынғанын айтты. Азаматпен диалог жүргізіп жатқан кезде қызметкер оны секірмеуге көндірді. Патрульшілер мүмкіндігінше жақындауға үлгерген сәтте олар ер адамды ұстап алып, оны қоршаудан қауіпсіз жерге шығарды.
Елорданың 34 жастағы тұрғыны Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Ер адамның психоэмоционалды жағдайын тұрақтандыру үшін онымен психологтар жұмыс істеді. Күйзеліс жағдайында кәсіби психологиялық көмек көрсетілді", - деді департаментте.