Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда лифтілердегі қазақ тіліндегі тақтайшалар қала тұрғындарының шамына тиді

Қарағандыда жергілікті тұрғындар қала лифттеріндегі қазақ тіліндегі тақтайшаларға, дәлірек айтқанда, олардағы мәтінге назар аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Новый Вестник" басылымына сілтеме жасап.

"Сәлеметсіз бе, міне, мынадай жағдай, Қазақстанда өмір сүреміз, бірақ қазақ тілінде дұрыс жазуды әлі үйренбедік, сөзім жоқ", - дейді басылым оқырманы.

Жазылушы тақтайшадағы өрескел қателерді немесе қате аударманы көрсетті:

"Ережелерді пайдалану жолаушылар лифтілерін" - деген мәтін үлкен әріптермен жазылған.

Ары қарай өрескел қателер саны арта түскен: "Автоматты есік ашуы кейін көз жеткізуіңіз, лифт автокөлік алдыңызда екенін", "Белгісімен бірінші баланы стенд енгізу, кабинасы қалдырып кезде келіп баланы жіберіп" және осылай жалғасып кете береді.

"Аудармашы мұнымен не айтқысы келді? Бұл түсініксіз, жүйесіз мәтін кім үшін?Аудармашы мамандардың мемлекеттік тілді мүлдем білмейтіні таң қалдырады, бұл салада тапсырыстардың мінсіз орындалуын қамтамасыз ететін мамандар аз", - деп жазады басылым. 

Талқылау