Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 9 айлық сәби белгісіз жағдайда көз жұмды

Cемейде университет ауруханасында 9 айлық сәби көз жұмды. Сәбидің ата-анасы баланы аман алып қалуға болар еді дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі arnapress-ке сілтеме беріп.

сәби

9 айлық сәби 10 қазан күні көз жұмған. 9 қазанда іші өтіп, құсқан, ана сүтін ішпеген. 20 минуттан кейін келген жедел жәрдем сол жерде баланы тексермеген. Бірден Семейдегі балалар жұқпалы аурулар ауруханасына алып кеткен. Онда баланы Семей медициналық университеті госпиталінің балалар бөлімшесіне (МУС) хирург, педиатр және невропатологтың консультациясына баруға жіберді. Жедел жәрдемге қоңырау шалғаннан бастап "МУЗ" қабылдау бөліміне барғанға дейін бір сағаттан астам уақыт өткен.

Сәбидің ағасы Анарбек Гайсин жағдайы туралы айтып, БАҚ-қа хабарласқан.

Баланы қабылдау бөлмесінде қалдырып, ешқандай тіркеу немесе құжаттарды рәсімдеу жүргізілмеген. Кейін баланы педиатр мен хирург тексерді. Дәрігерлер бұл мәселе олардың қызметіне кірмейтінін айтып, ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Шамамен 21:00-де сәбидің жағдайы ушыққан, ол ешқандай белгісіз сұлқ жатқан. Педиатр баланың денесі сусызданғанын айтып, баланы тағы бір рет тексеруден бас тартқан. Сағат 21:20-да балаға ультрадыбыстық зерттеу жасалды, бұл оның нормадан ауытқуы жоқ екенін, барлық ішкі органдардың қалыпты екенін көрсетті.

Қабылдау бөліміне оралғаннан кейін баланың жағдайы қайта нашарлаған. Педиатр дәрігер оны қараудан тағы да бас тартқан.

Мамандар бұл жүйке ауруы емес екенін айтқан. Баланың ата-әжесі келіп, шу шығарған соң ғана педиатр оны қайта қараған. Баланың жағдайы нашарлап, қызуы көтерілген.

Осыдан кейін ауруханаға сағат 23:00-де невропатолог шақыртылған, ол 40 минуттан соң келген. Бала ол кезде әрең демалып, үні шықпай қалған. Жағдайы қатты нашарлаған соң, сәби жансақтау бөліміне жатқызылып, сағат түнгі 1-де көз жұмған.

12 қазанда Семей ҚПБ Затон полиция бөлімі ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері (медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. Барысы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз бақылауына алды, – делінді ШҚО Полиция департаменті.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қазан, 2020 13:36
Талқылау