Дәрігер сарымсақтың зиянды тұстарын атады
Гастроэнтеролог дәрігер сарымсақтың бірқатар пайдасын атай отырып, оны шикі күйінде тұтынбауға кеңес берді. Бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маманның айтуынша, сарымсақ ет, балық сынды өнімдердегі зиянды заттарды залаласыздандыру қасиетіне ие. Дегенмен оның өзін піскен тамақтың құрамында тұтынған дұрыс.
"Негізі, сарымсақты тамаққа қоспас бұрын, қабығын аршып, ашық ауада бірнеше минут қою керек. Сонда оның құрамындағы пайдалы заттар "тіріле" бастайды", - дейді дәрігер.
Айтуынша, ол микробтар мен бактерияларды өлтіріп қана қоймай, асқазанның шырышты қабатын тітіркендіруі мүмкін.
"Сарымсақ асқазан және ішек жолдарының қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Мысалы егер адам ас қорыту жолдарының ауруларына шалдықса, сарымсақты шикідей жемегені дұрыс", - деп қосты ол.
Бұған қоса, дәрігер сарымсақтың сөлін мұрынға тамызуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты.
Гастроэнтеролог сарымсақты мойынға асып жүрудің пайдасы жоқ екенін алға тартты. Себебі сарымсақтың иісінде пайдалы заттардың мөлшері аз болатын көрінеді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
