Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 18 діни ағым тіркелген. Еліміздің аумағына бұл ағымдар қайдан келді?

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде ірілі-ұсақты 18 діни ұйым тіркелген. Олардың ішінде Қазақстанның әр аймағы бойынша конфессияларының саны 2685 жететіні де, Алматыда орналасқан бір ғана діни ұйымы бары да табылады. Республикамызда таралған діни ағымдар жайлы Stan.kz дайындаған материалдан оқи аласыздар. 

религии

Қазақстанда Ислам дінін ұстанушылардың саны басқаларынан әлдеқайда көп. Соңғы зерттеулерге сәйкес шамамен қазақстандықтардың 70%-ы мұсылман екен. 

Ең алғаш Ислам Қазақстан жерін ежелде мекендеген қарахандықтардың мемлекеттік діні болып жарияланыпты. Осы уақыттар Қазақстан аумағына мешіттер пайда бола бастапты. 

Қазіргі таңда елімізде Ислам діні бойынша 2685 мешіт бар. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти - Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Ұстанушылардың саны бойынша екінші орында - Христиан діні. Шамамен республикамыздың 26,2%-ы өздерін христиан деп есептейді. Дін ағымдарының арасында Қазақстанда Провославие ілімі кең таралған. Қазақстандағы Провослав шіркеуін басшысы Астаналық және Қазақстандық метрополит Александр. Прославтардың елімізде 342 шіркеуі орналасқан. 

Қазақстандағы Католиктер шіркеуі - әлемдік Католик шіркеуінің бөлігі. Еліміздегі католик ұстанушылары жалпы діни ағымдардың 1,3%-ын құрайды. Республикамызда католиктердің 86 діни конфессиясы бар. 

граф

Қазақстанда протестанттық ілім де кеңінен таралған. Елімізде протестанттық ағымына жататын елуіншілер, баптистер, меннониттер және т.б. діни қауымдастықтардың өкілдері бар. 

Елуіншілер діни ағымы Қазақстан аумағына XX ғасырдың ортасында келе бастаған. Оған себеп - сталиндік репрессия кезіндегі жер аударулар. Бүгінгі күні ағымның елімізде 228 діни конфессиясы тіркелген. Айта кетерлік жайт, республика аумағында ресми тіркелген елуіншілер ағымынан бөлек, тіркеуден өтпегендер кездеседі. 

Қазақстандағы баптистердің көп бөлігі евангелиелік баптист христиандар шіркеуінің одағына кіреді. Немістер мен орыстардың шет елге көшуіне байланысты елімізде аталмыш діни ағымындағылардың саны азаюда. Қазіргі таңда Қазақстанда баптистердің 186 шіркеуі тіркелген. 

Меннониттердің Қазақстанға келуі сонау Ресейдің патша үкіметінің саясатымен байланыстырылады. XIX ғасырдың соңына таман меннониттер Павлодар, Әулие ата аумағына қоныстана бастапты. Елімізде меннониттердің 3 конфессиясы тіркелген.  

Қазақстанда пресвитериандардың діни конфессиясының саны айтарлықтай көп: елімізде ағымның 107 орталығы бар. Пресвитериандардың 90%-ға жуығы корей ұлты болып саналады. Бір қызығы, пресвитериандардың шіркеулерінде нашақорлар мен маскүнемдерге арналған қайта қалпына келтіру орталықтары, медициналық мекемелер, гуманитарлық көмек орталықтары орналасқан. 

Адвентистер Қазақстанда XX ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған. 1902 жылы адвентистердің қауымы Өскеменде, Семейде, Ақмола және Қостанай облыстарында орын тепкен. Қазақстанда Жетінші күн адвентистері ағымында 42 конфессия тіркелген. 

Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстандағы лютеран діни ағымын ұстанушылардың саны 90 мыңнан асады екен. Лютерандар одағының рухани орталығы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Діни ағымның өкілдері көбіне этникалық немістер. Қазақстан аумағында ресми тіркелген 14 конфессиясы бар. 

Елімізде методистердің 11 діни конфессиясы тіркелген. Методистердің көбі - корей ұлты. Қауымдастық Ресейдің біріккен методистердің шіркеуіне кіреді. 

Жаңа апостолшылдар Англияда 1832 жылы пайда болған көрінеді. Қазақстанда бұл ағым неміс уағызшыларының миссионерлік әрекеттерінің арқасында 1991 жылы келген. Елімізде аталмыш қауымдастыққа кіретін 24 конфессия бар. 

график

Америкадан шыққан мормондардардың қауымдастығына Қазақстанда 2 конфессия кіреді. Дін ұстанушыларына алкоголь, кофе, шай ішуге және есірткі қолдануға тыйым салынған. АҚШ-та кейбір мормон өкілдеріне бірнеше әйел алуға рұқсат берілген. 

XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та протестанттық ілімінің тағы бір ағымы - Ехоба куәгерлері пайда болды. Діни ағымның ұстанушылары, әсіресе, Кеңес одағы ыдыраған тұста көбейе бастаған. Қазақстан қауымдастықтың 60 конфессиясы орналасқан. Ехоба куәгерлері Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарында көптеп шоғырланған. 

Кришна санасы қоғамы АҚШ-та пайда болған тағы бір діни ілім. Ағымның Қазақстанға қалай келгені жайлы мәліметтер жоқтың қасы: дінді елімізге Үндістан мен Непал тұрғындары алып келген деседі. Қазіргі таңда Қазақстанда діни қауымдастықтың 11 орталығы орналасыпты. 

Орталығы Израильдің Хайф қаласында орналасқан бахаи ағымындағы ирандықтар ең алғаш Қазақстан аумағына 1882 жылы келген сыңайлы. Ең алғашқы бахаилердің діни қауымдастығы Түркістан қаласында пайда болыпты. Десек те Кеңес үкіметі тұсында аталған дін ұстанушылар қудалауға ұшыраған. Қазақстанда бахаилердің 11 тіркелген конфессиясы бар. 

Тарих беттеріне көз жүгіртсек, ең алғаш еврейлер патша үкіметінің кезінде Қазақстанға жер аударылған. Осы тұста Қазақстан аумағында иудаизм діни ілімін насихаттаушылар пайда бола бастаған. Одан кейінгі еврей ұлтының жаппай қоныс аударуы Екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс келеді. Елімізде иудейлердің ресми тіркелген 7 шіркеуі бар. 

Ең алғаш буддизм ілімі Қазақстан жеріне Ұлы Жібек жолымен келген деседі. Бұған қоса буддизмнің Қазақстанға жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланыстырылады. Қазақстанда буддизм басқа елдермен салыстырғанда онша қатты дамымаған. Еліміздегі корей, бурят, қалмақ диаспоралары - осы діннің негізгі ұстанушылары. Қазақстанда буддизмнің 2 діни орталығы бар. 

Қауымдастық шіркеуі - Сеулде (Оңтүстік Корея) пайда болған жаңа діни ағым. ТМД мемлекеттерінде аталған ағым ұстанушыларын муниттер деп атайды. Қазақстанда муниттердің миссионерлік әрекеті 90 жылдары басталған. Дінбасылары ілімді студенттер мен университет оқытушылары арасында насихаттамақ болып тырысқан. Тіпті ол үшін Сеулге тағылымдамалар ұйымдастырылып, шипажайларға жолдамалар беріліпті. Муниттердің Қазақстан бойынша Алматыда орналасқан бір ғана ғибадатханасы бар. 

Дайындаған Дидар Халық

Талқылау