Тоқаев шекаралардағы бақылауды күшейтуді тапсырды
Коронавирустың екінші толқынына дайындық жөнінде өткізілген кеңесте ҚР Президенті коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында бірқатар ұйымдастыру жұмыстары жөнінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде бақылауды күшейту қажет. 2020 жылғы 5 қазандағы жағдай бойынша Ресейде 12 608 науқас тіркеліп, өсім шамамен 1%-ды құрады. Ал Өзбекстанда – 374, өсім – 0,5%-ды құрады; Қырғызстанда – 244 науқас, өсім 0,5% болды.
Әуежайларда және теміржол вокзалдарында эпидемиялық бақылаудың қатаң режимін қалпына келтіру, "қауіпті аймақтан" келетін адамдарды жедел тестілеу мәселесін жолға қою қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, үкіметтің шет елдермен, әсіресе қолайсыз жағдай аймағындағы жол қатынасын оңтайландыру нұсқасын қарастыру қажеттілігін айтты.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен