Жігіт той күні қалыңдығын қонақтардың бірінен қызғанып, өлгенше соққыға жыққан

Новосибир маңында 29 қыркүйекте той кезінде оқыс оқиға орын алды. 33 жастағы Степан және оның 35 жастағы таңдаулысы Оксананың тойының соңы қанды трагедияға айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NGS басылымына сілтеме жасап.

Ішімдікке масайраған ер адам келіншегін қызғана бастаған. Степан қонақтардың бірінен Оксананы қызғанып, оны соққының астына алған. Ол қызды шашынан сүйреп, ұрып-соққан. Қыздың денесі мен басына қатты соққы тиген. Қонақтар жәбірленушіге қарсы тұруға тырысты, бірақ ашуланған жігіт оларға қатаң тойтарыс берді. Қатыгездікті аяқтаған күйеуі әйелінің денесін жақын маңдағы жыраға лақтырды. Оксана алған жарақаттарынан қайтыс болды. Күйеужігіт қамауға алынды. Ол өзінің кінәсін мойындаған жоқ.

Бұған дейін Степан қарақшылық пен кісі өлтіргені үшін сотталған болатын. Оксана бұл туралы білген - олар бір жыл бұрын, түрмеде сырттай танысқан. Қыз оның босатылуын асыға күтті.

"Ол оны шынымен жақсы көрді, босатуды күтті. Ол түрмеден шілденің аяғы тамыздың басында босатылды. Содан бері олар сөйлесіп жүрген. Бәрі жақсы болған еді", - дейді достарының бірі.

Болашақ ерлі-зайыптылардың көптеген бірлескен фотосуреттері бар. Достарының айтуынша, 2016 жылы Оксананың бірінші күйеуі өлтірілген. Қыздың әкесі жақында қайтыс болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр