Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бургер алып берді, қыдыртты": Алматыда жас қыз кездесуден кейін зорланған

Алматыда бойжеткенді кездесуден кейін зорлап кеткен. Бұл туралы «Не Молчи» қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова әлеуметтік желілерде хабарлады. Полиция бұл іске қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дина Смайылова Facebook-те хабарлама жариялады. Онда қыздың зорлаушымен әлеуметтік желіде танысқаны айтылған.

"Алматы, жас қыз инстаграмда бір жігітпен танысады, олар екі апта хат жазысып, сөйлеседі. Кейін жігіт қызды кездесуге шақырады. Олар оның көлігімен қалада жүреді, бургер жеуге барады, содан кейін Хамит Ерғали жағалауына барып серуендейді. 

Басында бәрі жақсы болғандай көрінеді, бірақ қыз өзін үйіне апарып тастауды сұрағанда, жігіт оны зорлауды жоспарлағанын ашық айтады.

Осылайша, қызды зорлап, ұрып-соғады, содан кейін үйге апарып тастауға уәде береді. 

Розыбакиев бойында жол жүріп бара жатып, аяқ-асты ашуға булығып, құрылыс жүріп жатқан жерге көлікті бұрады. Ол жақта қызды қайта зорлап, даусы қарлығып, тұншыққанша төрт рет қылқындырады, өлтіретінін айтады.


"14 жасымда үш жігіт көрші ауылға апарып зорлап кетті": Қазақстандық қыз зорлаушыдан бала босанды 


Осы жағдайдан кейін өзіне ештеңе болмайтынын, әкесі бұрынғы полиция қызметкері екенін, талай рет құрдымнан алып шыққанын айтады. Онымен қоса, ағасы прокуратурада жұмыс істейтінін жеткізеді", - деп жазады Дина Смайылова.

Дина Смаилованың айтуынша, жігіт дәрет сындыруға кеткенде, қыз қашып үлгерген. Жәбірленуші арыз жазған.

Алматы полициясы жағдайға қатысты түсініктеме берді:

"Қазіргі уақытта бұл фактіні Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 120-бабы"Зорлау" бойынша тергеуде.

Күдікті ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық істі тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, өндіріс Қазақстан заңнамасына қатаң сәйкестікте, сондай-ақ толымдылық, объективтілік және жан-жақтылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр