"Тас ғасырында өмір сүріп жатырмыз": Алматы облысының тұрғындары митингке шықты
Алматы облысында ауыл тұрғындары стихиялық митингке шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.
Тұрғындардың шыдамы таусылды: су, газ, сапалы жолсыз тұрып жатқандарына ондаған жыл болған. Мысалы, су алу үшін олар күн сайын бірнеше шақырымға бастауға көтерілуге мәжбүр.
Дұрыс жолдардың жүргізілмеуі жағдайды қиындатады. Жақында өткен кездесуде әкімдік қызметкерлері ауыл тұрғындарына қаражат жинап, жолды жөндеуге кеңес берді.
Жергілікті тұрғындар ауылға су, газ және жол салуды он жылдан бері сұрап келеді.
"Ауруханалар да, дәріханалар да жоқ. Біз тас ғасырындағыдай өмір сүріп жатырмыз. Мегаполистің жанында болсақ та, осындай күй кешудеміз. Жолдардың түрі мынау... Бұл көшенің жолын тұрғындары өздері жүргізді. Бұған қаражаты жоқ адамдар шаң жолдармен жүруге мәжбүр. Мұндай жолдармен бізге жедел жәрдем де келмейді. Осы жерде өлесің де қаласың, - дейді Аманғазы Сейілтаев.
Өркениет жетістіктерінен ауыл тұрғындары тек жарықты пайдаланады. Бірақ оған тариф тым жоғары, дейді адамдар.
"Былтыр берілген өтінімдер мақұлданбады. Биыл қыркүйек айында Төңкеріс ауылының бес көшесіне және Қызыл Ту ауылының жеті көшесін жөндеу жайлы өтініш бердік. Бізде осы екі ауылда жол, жарық және су проблемалары бар көптеген жаңа ғимарат бар. Егер аудан әкімдігі өтінімді мақұлдаса, келесі жылы жолдарды жөндеумен айналысатын болады, - деді Панфилов ауылдық округінің әкімі Асыл Ваисов.
Ол сондай-ақ, су мәселесін шешуге уәде берді. Ол үшін демеуші тауып, су мұнарасын салуға орынды таңдау керек, дейді ол.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
