Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автобусқа отырасыз ба әлде мінесіз бе? Қалай дұрыс?

Кейбір қателер сөйлеуде болсын, жазуда болсын жиі жіберіледі. Ондай қателерді естігінде құлағыңа түрпідей тиетіні рас. Ал біздің мақсатымыз – сауатты қоғам қалыптастыру. Бүгін назарларыңызға жиі жіберілетін 3 қатені ұсынамыз. 

1. Көбі ме көбісі ме? 

Бұл сөздің түбірі – «көп» сөзі. Бұл сөзге тәуелдік жалғауының үшінші жағын жалғағанда көбі (көп+і) болады. Онда неге біз бір жалғаған жалғауға екінші қайтара -сі жалғауын жалғап жүрміз? Демек, "көбісі" деген нұсқа қате. 

2. Автобусқа отырасыз ба әлде мінесіз бе?

Қазақ кез келген көлік түріне «міну» етістігін қолданады. Ежелде атқа мінсе, қазіргі таңда автобусқа, троллейбусқа, таксиге мінеді. Сонда отыру деген қайдан шықты? Ол - орыс тілінен сөзбе-сөз келген аударма.

3. Автобустан шығасыз ба әлде түсесіз бе?

Автобусқа міндік, демек түсеміз. Кез келген сөзді дұрыс қолданған жөн. Автобустан шығу деген бір қарағанда қате емес секілді көрінер, бірақ дұрысы – "түсу". Көліктің қай түрі болмасын, «түсу» етістігін қолданғаныңыз жөн.

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Автобустан түсу-дұрыс, автобустан шығу -дұрыс емес

Автобусқа міну - дұрыс, автобусқа отыру - дұрыс емес

Көбі - дұрыс, көбісі  - дұрыс емес

Талқылау