Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сұранысқа ие мамандарды даярлау": ҚазБСҚА-да білім алудың артықшылықтары

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) - еліміздегі салалық жоғарғы оқу орындарының бірегейі. 40 жыл бойы ҚазБСҚА сәулет, дизайн және құрылыс бағытында білікті мамандарды даярлап келеді. Университеттегі білім заман ағымына орай қалай өзгерді? ҚазБСҚА түлектері оқу бітірген соң қандай артықшылықтарға ие болады? Бұл туралы біз ЖОО-ның басшылығымен сөйлесіп, білген едік. 

студенты

ҚазБСҚА - салалық, көпбейінді университет. Оқу орнында тек бакалавр дәрежесі бойынша даярлаудың 10 бағыты мен 35 бағдарламасы бар. 

"Өмір бойы білім алу" ұстанымын қолдайтын ҚазБСҚА-да оқу үрдісі бірнеше саты бойынша жүзеге асырылады: мұнда ЖОО-да лицей мен колледжден бастап, бакалавриат, магистратура, докторантураға дейін білім береді. Бұған қоса, университетте қосымша білім бағдарламалары мен қайта квалификациялау да қарастырылған. 

ҚазБСҚА негізіндегі Оқу-әдістемелік бірлестік Қазақстанның 41 жоғарғы оқу орнындағы сәулетшілер мен құрылысшылар даярлайтын факультеттер мен кафедралардың жұмысын бақылайды.

2020 жылдың маусым айынан бастап ЖОО-ның басшылығы ауысты: ҚазБСҚА президенті  Кусаинов Амирлан Айдарбекұлы зейнетке шығып, Бақылау Кеңесінің төрағасы болып Кусаинов Айгазы Амирланұлы тағайындалды. 

- Елімізде құрылыс саласындағы мамандарға сұраныс жоғарылауда ма? 

Ауесбаев Ерлан Тыныштықбайұлы, ҚазБСҚА-ның ректоры:

- Әрине. Бұны біздің салаға бөлініп жатқан мемлекеттік гранттардың санынан байқай аламыз. Мәселен, "Сәулет" және "Құрылыс" мамандықтары бойынша мемлекеттік гранттардың құны 2018-2019 оқу жылдары 317 800 теңгені, 2019-2020 жылдары 635 800 теңгені, ал осы жылы 920 500 теңгені құрады. Біздің бағыттың маңыздылығы жыл сайын артып келе жатқанын осыдан көруге болады. 

Такенова Жанар Сарсенбайқызы, сыртқы қатынастар және студенттік сұрақтар жөніндегі ҚазБСҚА проректоры:

- Бұрын талапкерлер ЖОО таңдағанда оқудың ақысына қарайтын еді. Ал қазір мектеп түлектері біздің университетте оқуға өздері бет бұрады. Бұл - өте маңызды құбылыс. Грантқа түсіп жатқандардың да саны артуда. Осыған орай, біз қуанып отырғанымызды жасырмаймыз, себебі айтып отырғанымыз - білім сапасының көрсеткіші. Сондай- ақ мемлекеттік тілде білім алып жатқан студенттердің қатары көбеюде. 

ректорАуесбаев Ерлан Тыныштықбайұлы, ҚазБСҚА ректоры 

- Жалпы, құрылыс саласы - үнемі өзгеріп отыратын бағыт қой. Заманауи технологиялық құрылғылардың пайда болуы, құрылыс ережелерінің өзгеруі таңсық дүние емес. Ал бұған ҚазБСҚА қалай бейімделіп үлгереді? 

Такенова Жанар Сарсенбайқызы, проректор:

- Біз оқу бағдарламаларын үнемі кеңейтіп отырамыз. Бұл өз кезегінде біздің түлектердің маман ретінде қалыптасып, еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жәрдемдеседі. Мысалы, қазір жаңадан пайда болған "Құрылыс саласындағы ақпараттық технологиялар" бағдарламасын алып қарайық. Бүгінгі күні ең қажетті мамандықтардың бірі деуге болады. Сонымен қатар, құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультетінде мынадай екі бағдарлама енгізілді: "Инфрақұрылымдар мен менеджмент" және "Құрылыс саласындағы бетондық технологияларды басқару". Біз оқу үдерісіне BIM-технологияларына қатысты пәндерді енгіздік: бұл технологиялардың көмегімен ғимараттың үш өлшемді визуалды кескіні жасалады.

Айта кетерлік жайт, біздің оқытушылар мен басшылық тарапы да заман ағымына сай болуды жөн көреді. Сондықтан біз үнемі біліктілігімізді арттырып қана қоймай, жинақтаған тәжірибемізді оқу үрдісіне қосып отырамыз. 

КазГАса

- ҚазБСҚА басшылығы нені мақтан тұтамыз деп айта алады?

Ауесбаев Ерлан Тыныштықбайұлы, ҚазБСҚА-ның ректоры:

Бірінші кезекте ұстаздарымызды. Сол себепті біздің оларға қоятын талаптарымыз да жоғары. Университет құрамында 8 факультет бар және олардың әрқайсында тәжірибелі, ғылыми дәрежесі бар оқытушылар, атап айтсақ, ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD-лер қызмет атқарады. Университеттің мамандарға деген сұранысын толтырып отыратын арнайы жүйе де бар. Қазір ҚазБСҚА-да 242 ұстаз еңбек етуде. 

Айта кетейік, біздің университеттегі профессорлар республика бойынша жоғары жалақы алады деп мақатана айта аламыз. Осы тұста біздің кадрлық саясатымыздың мақсатын атап өтейін: біріншіден, ең үздік кадрларды университетімізге тарту, екіншіден, болашақ оқытушыларды өзіміз дайындау. 

ҚазБСҚА-ға жоба жасау үшін шетелдік мамандарды шақыртып отырамыз. Мәселен, қазір "Сәулет" факультетінде британиялық профессор сабақ өтуде. 

Мұнымен қатар, осы жылы пандемия басталғалы бері біз оқытушылар мен профессорларымыздың жалақысын қаз қалпында сақтап қалдық. Өйткені олар тек моральдық қана емес, материалдық көмекке де зәру болатын. Елімізде қиын жағдайлар орын алғанда бізге оқытушылар мен студенттердің жағдайын жасау маңызды болды. 

- Университеттеріңіздің басты артықшылығы деп нені айтар едіңіздер? 

Ауесбаев Ерлан Тыныштықбайұлы, ҚазБСҚА-ның ректоры: 

- Жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық рейтингке сәйкес ҚазБСҚА сәулет, құрылыс және дизайн мамандықтары бойынша бірінші орынды иеленеді. Бұл рейтингтерді тәуелсіз агенттіктер ұйымдастыратынын атап өткен жөн. 

Алайда ең басты мақтанышымыз ретінде мен студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткішін айтқым келеді. ҚазБСҚА түлектерінің 79%-ы оқу бітірген жылы жұмысқа тұрып кетеді. Бұдан бөлек, біз арнайы мамандарды дайындап жіберетін серіктестеріміз бар. Олар университетпен үшжақты келісім жасайды, сәйкесінше, оқу бітіргеннен кейін студенттер сол ұйымдарға барып қызмет істейді.  

Біз студенттердің аяққа нық тұруына көмектесіп келеміз. Мысалы, осы жылдың мамыр айында біз онлайн-вакансиялар жәрмеңкесін ұйымдастырдық: оған шамамен сәулет-құрылыс саласындағы 30-дан астам ұйымдар қатысты. Атап айтсақ: "KAZGOR жобалар академиясы" ЖШС, "PSI Grouр" ЖШС, "Алма-Ата Проект" ЖШС, "СП NEFT" ЖШС, "VIRATECH" ЖШС, "Alash-project" ЖШС, "Terraprojekt a.s." ЖШС, "Қазақ суарнасы жобасы" АҚ, "ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК, "Алматы Су", "Қазмеханобр" мемлекеттік өндірістік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі, "Казгипроводхоз жобалар институты" ЖШС, "Дарминпроект" ЖШС, "ВиК инженеринг" ЖШС, "ГеостройЗере" ЖШС, Ұлттық-картографты-геодезиялық қоры" РМҚК,  Қазгеокар Қазгеокарт РМҚК филиалы, ГЦИ ЖШС, "Leica Geosystems Kazakhstan" ЖШС, Ионосфера Институты, "LCI MK" ЖШС,  "Savenergy" ЖШС, "НИИСТРОМПРОЕКТ" ЖШС, FREE STYL ЖШС, Байрамов ЖШС, SMART ЖК, Тұрғынүйқұрылысжианқбанкі АҚ, "Bi-Group", "Жол басқармасы" ЖШС, "Karoms" ЖШС, "KazMegaPolisGroup" ЖШС.

Такенова

Такенова Жанар Сарсенбайқызы, сыртқы қатынастар және студенттік сұрақтар жөніндегі ҚазБСҚА проректоры

- ҚазБСҚА студенттерін тағы қалай қолдап отырады?  

Жанар Сарсенбаевна, проректор:

Біз студенттердің жағдайын жасауға барынша тырысудамыз. Мысалға, өткен оқу жылында және осы жылы университеттің басшылық тарапы оқу ақысын төлеуді кейінге шегеру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, әрбір студенттің қажеттіліктеріне негізделген жеке төлем кестесін құрастырып бердік. 

Тағы бір айта кетерлігі, осы жылы жазда Қазақстанның студенттер альянсы тәлімгерлердің арасында тәуелсіз сауалнама жүргізіп, соның нәтижесінде рейтинг құрастырған еді. Біздің ҚазБСҚА: "Ең қолжетімді басшылық" номинациясын иеленді. Бұдан басқа енді не айтуға болады? (күліп). Біз студенттермен жиі кездестіру ұйымдастырамыз. Бұған қоса, университеттегі ұйымдарға мүше студенттерді қолдау үшін біз оларға жалақы тағайындаймыз. Ал бұл ұйымдарды студенттердің өзі басқарады. 

- ҚазБСҚА-ның шет мемлекеттермен серіктестігі жайлы не айта аласыздар? 

Ауесбаев Ерлан Тыныштықбайұлы, ҚазБСҚА-ның ректоры: 

- Жыл сайын бізге шетелдік оқытушылар келіп, дәріс өткізеді. Мысалы, өткен оқу жылы біздің университетке Италиядан мамандар келді. Жапониядан сәулеткерлер, Польшадан құрылыс саласының мамандары, Ресейден, Болгариядан сарапшылар ҚазБСҚА-ға шақырылып отырады. Университетіміздің шетелдің 83 ЖОО-мен келісімі бар. 

2019-2020 жылы академиялық ұтқырлық аясында біздің студенттеріміз София сәулет, құрылыс және геодезия университеті (Болгария), Белосток технологиялық университеті (Польша), LA Sapienza университеті (Италия), Алания Алаадин Кейкубат (Түркия), Сага университеті (Жапония), Технологиялар және бизнес институтында (Чехия) болып қайтты. 

казгаса

Құрылыс саласы болашағы зор бағыт екені белгілі. Мұнда жаңа технологиялар мен жаңа мамандықтардың ұдайы пайда болуы қалыпты дүниеге айналды. 

Қазір ҚазБСҚА білім сапасына деген талаптарын өзгертпекші. Жақын арада жаңа бағытта жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. 

"Біз қазіргі заманға сай жаңа білім беру саясатын құрастыру ойымызда бар. ҚазБСҚА жаңа білім беру жүйесін ұсынатын бірінші ЖОО болмақ. Бірақ әзірге бұл тосынсый ретінде қалсын", - деп аяқтады сөзін ҚазБСҚА ректоры Ерлан Ауесбаев. 

 

Сұхбаттасқан: Дидар Халық

Талқылау