Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сәкен Сейфуллиннің атын алғызып тастаған": Жамбыл облысында әкім көшеге әкесінің есімін бергені үшін айыпталуда

Жамбыл облысында ауыл әкімі көшеге өз әкесінің есімін беру үшін "Алаш" қайраткері Сәкен Сейфуллиннің атын алдырғызып тастаған. Бұл туралы экс-депутат Мұхтар Тінікеев Facebook парақшасында жазды, 

"Жамбыл облысы Мыңарал ауылында Сәкен Сейфуллин атындағы көшені өзінің әкесі немесе туысы С. Қашқынбековтың атына ауыстырған. Мүмкін, ол ауылға еңбегі сіңген адам шығар, бірақ әкімдердің өз туыстарына көше атауын бергізуі қашан тоқтайды?  Иә, мен де С. Сейфуллиннің руы – Тоқа руынанмын. Бірақ мен қазақты руға, жүзге немесе нағыз қазақ  деп бөлмеймін. Дегенмен тарихи тұлғаның есімі берілген көше атауының өзгеруіне қарсымын", - деп жазды М. Тінікеев.

"Азаттық рухы" басылымының мәліметінше, Мыңарал ауылының әкімі расымен де көшеге өз әкесінің атын бергізген болып шықты. Бірақ ол осыдан 17 жыл бұрын  болған. Сол жылдары Мыңаралда әкім болған Талғат Қашқынбековтың әкесі ҰОС  және еңбек ардагері болған. Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұловтың сөзінше, тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Аталған жағдайдан кейін архив құжаттарын көтерткіздік. Бұл жағдай бұрын ауыл тұрғындарының өтінішімен берілген. Сейфуллиннің атын ешкім алып тастаған жоқ. Талғат  қазір әкім емес, оның Нұр-Сұлтан қаласынан туыстары келген. Қонақтарға  бәрін түсіндірдім. Ардагерге берілген көше шет жақта, ол көшеде бұрын атау болмаған", - деді аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов.

Талқылау