Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Шайтан дөңгелек» аттракционына 300 миллион теңге бөлінген: Рудный әкімі жауапқа алынды

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Гаязов сот алдында жауап берді, деп хабарлайды "Наша газета"-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 330 миллион теңге бөлінген "шайтан дөңгелек" ісіне қатысты сұраққа алынды.

"Тікелей бұл объектімен біздің 18 мемлекеттік мекемелердің бірі - Тілеуовтің басшылығымен құрылыс бөлімі айналысқан. Департаменттің жеке есеп бөлімі және өз адвокаттары бар", деді Гаязов мемлекеттік айыптаушының «істің мән-жайы» туралы алғашқы сұрақтарына жауап бере отыра.

Ол сондай-ақ, аттракционды бұзу туралы сот шешімінің процесі қай кезеңде екенін атап өтті.

"Қадағалаушы орынбасар хабарлағандай, бұл ЖШС жабылды. Оны бөлшектейтін адам жоқ, - деді Рудный қаласының әкімі. Қазір сот орындаушылары менің орынбасарыммен бірге жұмыс істеп жатыр, олар сотқа талап-арыз жіберді. Бұрынғы директор әкімшілік айыппұлмен жазаланды деген болжам жасалды. Енді сот әрі қарай не істейтінін шешеді, - деді Гаязов.

Аттракцион ресми түрде 2019 жылдың 1 мамырында ашылды. Кейінірек кадрларында  бір кабинаның қалай төңкерілген күйде қатып, бірнеше секундтан кейін қатты дыбыс шығарып айналып келгені көрінетін бейнеролик пайда болған. Кабина ішінде адам болмаған.

Айналмалы дөңгелек салынуына 300 млн теңге кеткен. 12 мамырда аттракцион жұмысы тоқтатылған. Осы жылдың қаңтарында дөңгелектің сот шешімімен бөлшектелетіні белгілі болды.

 
STAN.KZ
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2020 14:04
Талқылау