"Жұмыс жасау" әлде "жұмыс істеу"? Сіз мән бермей жүрген қателіктер
Біз қолданып жүрген тіркестердің ішінде өзімізге дұрыс боп көрінгенімен, шын мәнінде қате боп жүргендері көп. Бүгін осындай тіркестердің бірсыпырасына тоқталмақпыз.
"Тәуекелге бару" - орыс тілінің "идти на риск" тіркесінің тікелей аудармасы. Дұрысы: Тәуекел ету.
Жасау етістігі қолдан жасалатын немесе құрастырылатын заттарға қатысты қолданылады. Мысалы: есік жасау т.б.
Дұрысы: Жұмыс істеу
Калька – сөзбе-сөз аудару. Осы тұста қазақ тілінің синтаксистік құрылысы орыс тілінің синтаксистік құрылысына мүлде ұқсамайтынын, тіпті, жуықтамайтынын айтқымыз келеді. Тілімізде сөйлемдегі грамматикалық мүшелердің орналасу тәртібі қалыптасқан.
Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.
Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
